Ст. 27 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
27-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуға жәрдемдесуі
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимдегі тыныс-тіршілігі мен оны дамытуды және оның мақсаты мен міндеттерінің осы Конституциялық заң мен әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес іске асырылуын нормативтік кұқықтық жағынан қамтамасыз етеді, сондай-ақ оған өзге де әкімшілік жәрдем көрсетеді. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң және осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де заңдары нормативтік құқықтық қамтамасыз ету мен осы бапта көзделген өзге де әкімшілік жәрдемдесудің құқықтық негізін құрайды.
3. Нормативтік құқықтық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының жекелеген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіреді және тек қана осы Конституциялық заң мен Алатау қаласы заңнамасының құрамына кіретін өзге де нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті шегінде іске асырылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимдегі тыныс-тіршілігі мен оны дамытуды қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік рәсімдерді және оның шегінен тысқары жерлердегі өзге де қатынастарды реттеуге бағытталған.
Көрсетілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде Алатау қаласының заңнамасында Алатау қаласы органдарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыруға тікелей байланысты өзге де мәселелер бойынша Алатау қаласындағы қызметті дербес реттеу белгіленбейді және осындай қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар, шарттар, шектеулер немесе өзге де рұқсат беру шаралары белгіленбейді.
4. Арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер Алатау қаласы заңнамасының актілерімен бірге Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылуға тиіс.
5. Арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әкімшіліктің тиісті сұрау салуы келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде дайындалады және оңайлатылған тәртіппен қабылданады.
6. Арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін оңайлатылған түрде дайындау мен қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шығаратын, арнаулы құқықтық режим туралы заңнаманың құрамына кіретін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әкімшілікпен келісілуге тиіс.
8. Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимдегі тыныс-тіршілігі мен оны дамытуға өзге де әкімшілік жәрдемдесу өзге шаралардан басқа:
1) әкімшіліктің жазбаша сұрау салуы бойынша екі ай ішінде арнаулы құқықтық режим туралы заңнамада көзделген қажетті функцияларды орындау үшін орталық мемлекеттік органдардың немесе Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының арнаулы құрылымдық және (немесе) аумақтық бөлімшелер құруынан;
2) әкімшіліктің тиісті жазбаша сұрау салу жіберілген күннен бастап бір ай ішінде нормативтік емес құқықтық актілердің, шешімдердің қабылдануынан және Алатау қаласының цифрлық, инженерлік және өзге де инфрақұрылымын Алматы облысы, Алматы қаласы әкімдігінің немесе орталық мемлекеттік органның, оның ішінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылық етуіндегі, басқаруындағы және (немесе) меншігіндегі тиісті инфрақұрылым мен жүйелерге интеграциялау, қосу және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті әрекеттердің жүзеге асырылуынан;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен орталық атқарушы органдардың Алатау қаласының даму стратегиясына сәйкес Алатау қаласының экономика секторларына инвестициялар тарту басымдығын қамтамасыз етуінен және осы мәселелерді әкімшілікпен үйлестіруден, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен осындай жүйеге кірмейтін өзге де құжаттарды дайындау және қабылдау кезіндегі үйлестіруден;
4) орталық мемлекеттік органдардың Алатау қаласының эксперименттік құқықтық режимдері шеңберінде инновациялық технологиялар мен шешімдерді сынақтан өткізу және ендіру үшін аумақты және арнаулы құқықтық режимді пайдалануды ілгерілетуінен байқалады.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде орталық мемлекеттік органдардың, Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының лауазымды адамдарының осы баптың ережелерін бұзғаны, жәрдемнің болмағаны немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бұза отырып немесе Алатау қаласының органдарына арнаулы құқықтық режимнің міндеттерін орындау үшін өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруда кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекет жасағаны үшін тәртіптік жауаптылығы белгіленеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей