Ст. 41 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
41-бап. Алатау қаласындағы реттеп лицензиялау және рұқсат беру рәсімдері
1. Алатау қаласының аумағындағы қызметті мемлекеттік реттеу реттеуші лицензиялар мен реттеуші рұқсаттарды қолдануды қоса алғанда, осы Конституциялық заң мен әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысандарда жүзеге асырылады. 2. Әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жекелеген қызмет түрлері реттеуші лицензиялар негізінде Алатау қаласында жүзеге асырылады.
Егер осы Конституциялық заңда өзгеше белгіленбесе, реттеуші лицензиялар тек қана Алатау резиденттеріне беріледі.
3. Эксперименттік құқықтық режимге қатысу, сондай-ақ жекелеген операцияларды жасау, жекелеген жобаларды іске асыру, Алатау қаласының аумағында өзге де нақты әрекеттерді жасау әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес реттеуші рұқсаттар алуды талап етеді.
Тиісті құқық тек қана Алатау резиденттеріне немесе олардың жекелеген санаттарына берілуі мүмкін екені осы Конституциялық заңда немесе әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Алатау резиденттеріне, сондай-ақ өзге де тұлғаларға реттеуші рұқсаттар беріледі.
4. Реттеушi лицензиялар мен реттеушi рұқсаттарды әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған жағдайларда, әкiмшiлiк органдары бередi.
5. Егер Алатау қаласының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Конституциялық заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптерін енгізуге және іске асыруға байланысты мемлекеттік реттеуді өз құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
6. Реттеушi лицензиялар мен реттеушi рұқсаттар белгiлi бiр мерзiмге не қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.
7. Егер осы Конституциялық заңда немесе әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше белгіленбесе, Алатау қаласының аумағындағы мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттелуге тиіс.
8. Бизнес-лицензияның болуы реттеуші лицензияны, реттеуші рұқсатты алу міндетінен босатпайды.
9. Реттеп лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік инфрақұрылым сапасы жоғары елдерде берілген және (немесе) әкімшілік айқындайтын халықаралық ұйымдар берген лицензияларды, рұқсаттарды, аккредиттеулерді және қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын өзге де құжаттарды тануға құқылы.
10. Реттеп лицензиялауды жүзеге асыру және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі, қойылатын біліктілік талаптарын және (немесе) өзге де талаптар, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері және Алатау қаласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді бұзғаны үшін өзге де құқықтық ықпал ету шаралары әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей