Ст. 87 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
87-бап. Әкімшіліктің жекелеген функцияларын уақытша беру
1. Әкімшіліктің жекелеген іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын әкімшілік Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына уақытша беруі мүмкін. Әкімшілік жекелеген іске асыру функцияларын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне уақытша беруге де құқылы.
2. Әкімшіліктің жекелеген іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын уақытша беру Кеңес шешімінің негізінде әкімшіліктің актісімен жүзеге асырылады, онда тиісті квазимемлекеттік сектор субъектілері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, берілетін функциялардың көлемі, оларды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осындай берудің мерзімі айқындалады.
3. Уақытша беру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.
4. Егер осы бапта көзделген әкімшіліктің жекелеген функцияларын уақытша беруді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін қабылдау талап етілсе, мұндай актілер осы Конституциялық заңның 27-бабында көзделген жәрдемдесу тәртібімен қабылдануы мүмкін.
5. Квазимемлекеттік сектор субъектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздеріне уақытша берілген функцияларды әкімшіліктің атынан жүзеге асырады және берілген функциялар шегінде олар қабылдаған шешімдер әкімшіліктің шешімдері болып есептеледі.
Уақытша берілген функцияларды жүзеге асыру кезінде аталған субъектілер мен мемлекеттік органдар осы Конституциялық заңның және оны іске асыру үшін қабылданған әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін қолданады.
6. Уақытша берілген функцияларды жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды әкімшілік қарайды.
7. Жекелеген функцияларды уақытша беру әкімшіліктің уақытша беру туралы актісінде айқындалған күні не әкімшілік тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісіне және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына осындай беруді тоқтату туралы хабарлама жіберген күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылады.
8. Әкімшіліктің жекелеген функцияларды уақытша беру туралы актілері, сондай-ақ осындай беруді тоқтату туралы хабарламалар әкімшіліктің интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Читать еще раз
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 40-бап. Заңды тұлғалардың Алатау қаласының аумағындағы қызметінің құқықтық режимі Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 9-бап. Ашықтық қағидаты Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 80-бап. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы жөніндегі өтпелі ережелерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей