Ст. 14 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
3) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешім қабылдау;
4) жекеше индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу;
4-1) ерекше индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, ерекше индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу;
4-2) ерекше индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау;
5) жалпы санының елу пайызынан кем емес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру;
6) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың үлгілік ережесі негізінде республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту;
7) индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларын сараптау, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылым салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
8) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу;
9) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау;
10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларымен мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттары негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарттарын жасасу;
11) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
12) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
12-1) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасасу;
12-2) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шартты жасасу;
13) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
13-1) осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан уақытша жер пайдалану құқығын бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
14) жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі)); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей