Ст. 30 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі
1. Қызметкер арнаулы атағы сəйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.
1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақтар беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесін (лауазымдар номенклатурасы) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
3. Қызметкерді лауазымға тағайындау білімі мен кәсіби даярлығы деңгейін, оның психологиялық қасиеттерін, денсаулық жағдайын және осы Заңда көзделген өзге де мән-жайларды ескере отырып, жүргізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау қызметтік әрекетінің тәжірибесі ескеріле отырып, оларды негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Қызметкерді олар үшін жаңа мамандық бойынша лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде, олар осы лауазымдарға тағайындалар алдында тиісті қайта даярлықтан өтуге тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Қашықтан оқытуды және (немесе) онлайн-оқытуды қолданатын білім алушыларды қоспағанда, офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне әскери, арнаулы оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.
Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне әскери, арнаулы оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы әскери, арнаулы оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған кезде тыңдаушының (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын өзіне берілген атағы сақталады.
6. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер өздерін оқуға жіберген бөлімшелерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға қайтып келеді.
7. Әскери, арнаулы оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер қажетті білім деңгейі бар адамдар алмастыруға жататын жəне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы атақтар тізбесінде (бұдан əрі – лауазымдар тізбесі) көзделген офицерлік құрам лауазымдарына тағайындалады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен әскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған басым тәртіппен офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын немесе мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер оқуды аяқтағаннан кейін бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады (айрықша жағдайларда лауазымға одан әрі тағайындау үшін тиісті бастықтың қарамағына жіберіледі).
8. Лауазымдарға тағайындау кезінде мынадай шарттар сақталады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) сержанттар құрамы және офицерлік құрам атқаруға жататын лауазымдарға тиісті құрамның қызметкерлері тағайындалады.
Аталған лауазымдарға тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен төмен тұрған құрамның қызметкерлері тағайындалуы мүмкін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) тиісті бастықтардың қарамағына жіберілген қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау осы Заңның 33-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) қызметке жарамдылық санаты туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы ұсынылады;
4) егер қызметкерге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе аталған рұқсаттама тоқтатылған жағдайда, ол мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге берілетін рұқсаттамамен байланысты емес лауазымға белгіленген тәртіппен тағайындалады немесе қызметтен шығарылуға жатады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.06.2026 № 311-VIIІ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) өзара жақын туыстықта болатын қызметкерлерге, олар бір-біріне тікелей бағынысты болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет өткеруге рұқсат берілмейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-1. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған жағдайда оларға жұмыскерлер арасынан адамдар арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы ол атқаратын профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымы бойынша бекітіледі.
Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал оларды көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен лауазымынан босатылады.
9. Қызметкерлер жоғары тұрған, тең немесе төмен тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
10. Лауазымдар тізбесінде ол лауазымға бұрынғы лауазым бойынша арнаулы атаққа қарағанда неғұрлым жоғары арнаулы атақ, ал штатта көзделген арнаулы атақтар тең болған жағдайда - біліктілік талаптарының немесе басқару органының неғұрлым жоғары деңгейі сәйкес келсе, лауазым жоғары тұрған болып есептеледі.
11. Қызметкерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау қызметі бойынша жылжыту тәртібімен жүргізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Жоғары тұрған лауазымға өзі қызмет өткеретін органының аттестаттау комиссиясы ұсыным жасаған, қызмет міндеттерін атқару кезінде жоғары кәсіби қасиеттерін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен қызметкер тағайындалады.
12. Лауазымдар, егер оларға тең арнаулы атақ, сондай-ақ тең біліктілік талаптары немесе басқару органдарының деңгейі сәйкес келсе, тең болып есептеледі.
13. Қызметкерді тең лауазымға тағайындау:
1) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты;
2) қызметкерді қызметте орынды пайдалану үшін;
3) осы Заңның 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде, келісімшарт бойынша қызмет өткеретін қызметкердің баянатына сәйкес отбасы жағдайы бойынша;
4) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргізіледі.
14. Лауазым, егер оған неғұрлым төменірек арнаулы атақ, сондай-ақ анағұрлым төмен біліктілік талаптары немесе басқару органдарының төменгі деңгейі сәйкес келсе, төмен болып есептеледі.
15. Төмен лауазымға тағайындау:
1) қызметкердің келісімімен:
оның даярлық бейініне тең бос лауазым болмаған кезде ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты;
осы тармақшаның төртінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісімен расталатын, осы Заңның 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған отбасы жағдайы бойынша;
жұбайы (зайыбы) өзге елді мекенде қызмет өткеріп жатқан қызметкердің баянаты бойынша;
әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаның алтыншы абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, бастықтың қарамағында болған кезеңде;
2) бір сатыдан төмен емес лауазымға уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша қызметкердің келісімінсіз жүргізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 10.06.2026 № 301-VIIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16. Қызметкерді лауазымға тағайындау, лауазымнан босату, бастықтың қарамағына жіберу, шығару, арнаулы атақ беру, одан төмендету, айыру кезінде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіпте ұсыну ресімделеді.
Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру Постановление Правительства 443 17.06.2015 О признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2011 года № 1577 Об утверждении Правил организации и проведения вн... Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 90. Допущение дискриминации в сфере труда Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы 7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау Постановление Правительства 932 30.12.2020 О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2018 года № 513 Об утверждении Правил предоставления госуд...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей