Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 65 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі

1. Қызметтік тексеру – қызметкердің теріс қылықты жасау мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет. 

2. Қызметтік тексеру оны жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды айқындау, кінәлілерді анықтау және жазадан құтылмаушылық қағидатын қамтамасыз ету не қызметкерді жауаптылыққа негізсіз тартуды болдырмау мақсатында жүргізіледі. 

3. Қызметтік тексеру жүргізу үшін: 

1) баянаттар, арыздар, шағымдар мен хаттар; 

2) құқық бұзушылықтар мен оқиғалар фактілері; 

3) тексерістер қорытындылары; 

4) бөлімшенің оқу, жедел және қызметтік іс-қимылын тексеру нәтижелері; 

5) алдын ала анықтау, тергеу және сот органдарының хабарламалары; 

6) лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары; 

7) қызметкерді Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негіз болуы мүмкін. 

4. Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті басшының бұйрығымен тағайындалады және оны уәкілетті лауазымды адам он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді. 

Бұйрық болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге жол берілмейді. 

Айрықша жағдайларда қызметтік тергеп-тексеру мерзімі қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшының бұйрығымен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. 

Қызметтік тергеп-тексеру мерзімінің есептелуі оның тағайындалған күнінен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. 

5. Қызметкер теріс қылық жасаған кезде одан міндетті түрде жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер түсініктемесінде қызметкер өзінің теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу не оқиға болған жерге барып тексеру қажет болмаса, онда уәкілетті басшы, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, арнаулы атақты бір сатыға төмендету және теріс себептер бойынша қызметтен шығару түріндегі жазаларды қоспағанда, қызметтік тексеру жүргізбей-ақ тәртіптік жаза қолдануға құқылы. 

Арнаулы атақты бір сатыға төмендету және теріс себептер бойынша қызметтен шығару түріндегі тәртіптік жазалар жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, қолданылады. 

Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, уәкілетті басшы теріс қылық анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Заңда айқындалған тәртіппен қызметтік тексеруді тағайындауы тиіс. 

6. Басшы қызметтік тексеру жүргізу үшін лауазымдық қызметі бойынша теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына тең немесе одан жоғары уәкілетті лауазымды тұлғаны тағайындайды. 

Теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына атқаратын лауазымы бойынша тең немесе жоғары болатын уәкілетті лауазымды адамды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда теріс қылық жасаған қызметкердің атағына тең немесе одан жоғары болатын, басшы құрамнан адамды тағайындауға рұқсат етіледі. 

Қажет болған жағдайда қызметтік тексеру жүргізуге арнаулы білімді қажет ететін мәселелер бойынша қорытындылар, түсініктер мен консультациялар алу үшін мамандар ретінде жедел-қызметтік іс-қимылдың тиісті бағытының қызметкерлері тартылуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі. 

Қажет болған жағдайларда уәкілетті басшы уәкілетті лауазымды адамды және мамандарды қызметтік тергеп-тексеру жүргізу уақытына олардың лауазымдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі. 

7. Қызметтік тексеру жүргізуге оның нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтік тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған тұлғаға, өзін осы тексеру жүргізуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгінуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда қызметтік тексеру нәтижелері жарамсыз деп есептеледі. 

8. Қызметкер тек өзіне қатысты кінәсі анықталған теріс қылық үшін ғана тәртіптік жауаптылыққа тартылады. 

9. Қасақана немесе абайсызда құқыққа қарсы әрекет жасаған (әрекетсіздік танытқан) қызметкер теріс қылық жасағаны үшін кінәлі болып танылады. 

10. Егер, оны жасаған қызметкер өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын ұғынып, оның зиянды салдарының болуын болжап білсе және осы салдардың болуын тілесе немесе саналы түрде жол берсе не болмаса оларға немқұрайлы қараса, теріс қылық қасақана жасалған болып табылады. 

11. Егер теріс қылық жасаған қызметкер өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарларының болу мүмкіндігін болжап білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болдырмау мүмкіндігіне сенсе не қажетті ұқыптылық пен сақтық кезінде оларды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра, осындай салдарлардың болу мүмкіндігін болжап білмесе, ол абайсызда жасалған болып танылады. 

12. Қызметтік тергеп-тексеру мынадай: 

1) қызметкер қызмет орнын өз бетімен тастап кеткен; 

2) қызметкер демалыста, қызметтік іссапарда болған; 

3) қызметкердің ауырғаны заңда белгіленген тәртіппен расталған; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, ұзақ уақытты талап ететiн сараптамалар (зерттеулер) жүргізілген; 

5) қызметтік тексеруге кедергі жасайтын басқа да жағдайларда уәкілетті басшының бұйрығымен тоқтатыла тұруы мүмкін. 

13. Қызметтік тексеру, егер оны тоқтата тұру үшін негіздер болмаса, уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтіріледі. 

14. Қызметтік тексеру барысында: 

1) теріс қылықтың мазмұны мен сипаты, оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлар; 

2) теріс қылық салдарының болуы мен сипаты; 

3) келтірілген зиянның мөлшері; 

4) теріс қылық жасаған тұлға; 

5) қызметкердің жауаптылығын болдырмайтын, жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар; 

6) теріс қылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар; 

7) теріс қылық жасаған қызметкердің жеке басын сипаттайтын деректер; 

8) қызметкердің теріс қылық жасаудағы кінәсі, теріс қылық жасау ниетінің немесе абайсыздықтың болуы және дәлелдері; 

9) қызметкерді жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар анықталады. 

15. Мыналар: 

1) теріс қылық жасаған қызметкердің өкінуі; 

2) қызметкердің өзінің теріс қылық жасағаны туралы басшыларға өз еркімен хабарлауы; 

3) теріс қылық жасаған қызметкердің теріс қылықтың зиянды салдарын болдырмауы, келтірілген зиянды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы; 

4) ауыр жеке немесе отбасы жағдайларының қалыптасуы кезінде теріс қылық жасау; 

5) мәжбүрлеу нәтижесінде теріс қылық жасау; 

6) қажетті қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзған, қажетті қорғану жағдайында, құқыққа қарсы озбырлық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе команданы орындау кезінде теріс қылық жасау тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып табылады. 

Қызметкерге жаза қолданатын басшы өзге де мән-жайларды жеңіл деп тануы мүмкін. 

16. Мыналар: 

1) басшының оны тоқтату туралы талабына қарамастан, құқыққа қарсы әрекетті (әрекетсіздікті) жалғастыру; 

2) егер бірінші теріс қылық үшін қызметкерге жаза қолданылған болса және ол белгіленген тәртіппен алынбаса, осындай теріс қылықты қайтадан жасау; 

3) теріс қылықты топ болып жасау; 

4) бағынысындағы қызметкерді теріс қылық жасауға тарту; 

5) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе қастандық себебі бойынша теріс қылық жасау; 

6) басқа тұлғалардың заңды әрекеттері үшін кек алу, сондай-ақ басқа теріс қылықты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында теріс қылық жасау; 

7) олардың өзіне жүктеген міндеттерді орындауға байланысты лауазымды тұлғаларға немесе оның жақындарына ықпал ету жолымен теріс қылық жасау; 

8) кезекшілікте, тәуліктік нарядтағы қызметте, арнаулы міндеттерді орындау кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде теріс қылық жасау; 

9) алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан (оларға ұқсас) мас күйінде теріс қылық жасау тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып табылады. 

Осы Заңда аталмаған басқа мән-жайлар тәртіптік жауаптылықты ауырлататын болып танылмайды. 

17. Қызметтік тексеру барысында оны жүргізу тапсырылған уәкілетті лауазымды адамның: 

1) тәртіптік жазаға тартылған қызметкерден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алуға; 

2) қызметкердің теріс қылық жасағандығын растайтын материалдарды жинақтауға; 

3) тиісті құжаттармен танысу, қажет болған жағдайда олардың көшірмесін қызметтік тексеру материалдарына қосуға; 

4) арнайы білімді қажет ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытынды, түсіндірме және консультациялар алуға; 

5) теріс қылық жасалған жерге баруға құқығы бар. 

18. Қызметкерлер қызметтік тексеруді жүргізуге тағайындалған уәкілетті лауазымды тұлғаға көмек көрсетуге міндетті және берілген мәліметтердің растығына дербес жауапты болады. 

19. Қызметкердің теріс қылық жасағандығы туралы фактіні растайтын немесе теріске шығаратын мәліметтер кез келген нысанда болуы мүмкін. 

20. Егер қызметтік тексеру барысында қызметкердің теріс қылықтарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігі анықталса, басшы дереу жоғары тұрған басшыға баяндайды. 

21. Қызметтік тергеп-тексеру аяқталған соң оның нәтижелері туралы тұжырымдары мен ұсыныстары бар қорытынды жасалады, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшыға бекітуге ұсынылады. 

Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды бекітілгеннен кейін уəкілетті лауазымды адам оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді – қорытындымен, сондай-ақ қызметкердің талап етуі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен қолын қойғыза отырып таныстыруға міндетті. 

Қызметкер қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындымен танысудан бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың шығарылуын тоқтата тұрмайды. 

22. Өзіне қатысты қызметтік тексеру жүргізілген қызметкер: 

1) жүргізілетін қызметтік тексерудің мәні бойынша жазбаша түсініктеме беруге; 

2) өтініш айтуға, айғақтар және өзге де құжаттар ұсынуға; 

3) қызметтік тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған арнаулы мемлекеттік орган басшысына немесе уәкілетті басшыға қызметтік тексеру жүргізетін қызметкерлердің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға; 

4) қызметтік тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен, егер бұл мемлекеттік құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, танысуға құқылы. 

23. Осы Заңның негізінде теріс себептер бойынша жұмыстан шығаруға жататын, арнаулы атақты бір саты төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолданылатын қызметкерлерге, сондай-ақ қызметтік тексеру тұжырымдары мен ұсыныстарына келіспейтін тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру материалдары тәртіптік комиссияда қаралуға жатады. 

24. Қызметтік тексеру жүргізілетін қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тексеруді жүргізуді тоқтатпайды. Бұл жағдайда қызметкер тәртіптік комиссияда тыңдалады. 

Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...86

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться