Ст. 38 Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ
Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы
38-бап. Тергеп-тексеру барысында ақпарат жинау
1. Демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеруді бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру объектісі болып табылатын, өзіне белгілі тауарды экспорттаушыларға және (немесе) өндірушілерге сұрақтардың тізбесін жібереді. Сұрақтар тізбесі мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда) өндірушілерге де жіберіледі.
Қажет болған жағдайда, сұрақтар тізбесі тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды импорттаушыларға және тұтынушыларға жіберілуі мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, сұрақтар тізбесі жіберілген тұлғалар оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тергеп-тексеруді жүргізетін органға өз жауаптарын ұсынады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың уәжді және жазбаша нысанда баяндалған өтініші бойынша тергеп-тексеруді жүргізетін орган бұл мерзімді күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
3. Сұрақтар тізбесі экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кейін немесе оны пошта арқылы жөнелткен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кейін тауарды экспорттаушы және (немесе) өндіруші алды деп есептеледі.
Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптарды, егер олар тергеп-тексеруді жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген отыз күн мерзім өткен күннен немесе оны ұзарту мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей келіп түскен болса, тергеп-тексеруді жүргізетін орган оларды алды деп есептеледі.
4. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган тергеп-тексеру барысында мүдделі тұлғалар ұсынған ақпараттың дәлдігіне және анықтығына көз жеткізеді.
Тергеп-тексеру барысында ұсынылған ақпаратты тексеру немесе жүргізіліп жатқан тергеп-тексеруге байланысты қосымша ақпарат алу мақсатында тергеп-тексеруді жүргізетін орган қажет болған жағдайда:
1) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) өндірушілердің келісімін алған және алдағы тергеп-тексеру туралы ресми түрде хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда үшінші елдің аумағында;
2) тергеп-тексеру объектісі болып табылатын тауарды тиісті импорттаушылардың және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің келісімін алған жағдайда мүше мемлекеттің аумағында тексеру жүргізуі мүмкін.
Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осы баптың 1-тармағына сәйкес жіберілетін сұрақтар тізбесіне жауаптарды жібергенге дейін тексеру жүргізуге келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған кезде, осындай жауаптар алғаннан кейін тексеру жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеруге тиісті қатысушылардың келісімі алынғаннан кейін және тексеру басталғанға дейін оларға тексеру жүргізуге жіберілген қызметкерлерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеп-тексеруді жүргізетін орган үшінші елді тексерілуі жоспарланған шетелдік экспорттаушылардың немесе өндірушілердің мекенжайлары мен атаулары, сондай-ақ осындай тексерулер жүргізу күндері туралы хабардар етеді.
Тексеру барысында сұрақтар тізбесіндегі жауаптарда берілген ақпараттың анықтығын растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.
Егер тексеру жүргізу кезінде тергеп-тексеруді жүргізетін органның осындай тексеру үшін осы органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды тарту ниеті болған жағдайда, оларға қатысты тергеп-тексеру әрекеттерін жүзеге асыру болжанып отырған тергеп-тексеруге қатысушылар тергеп-тексеруді жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуге тиіс. Осындай сарапшылардың тексеруге байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін санкциялар қолдануға мүмкіндік болғанда ғана олардың тексеруге қатысуына жол беріледі.
5. Тексеру жүргізу барысында берілген ақпаратты тексеру немесе жүргізілетін тергеп-тексеруге байланысты қосымша ақпарат алу мақсатында тергеп-тексеруді жүргізетін орган өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың орналасқан жеріне жіберуге, ақпарат жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеп-тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей