Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы
8-бап. Астана мәслихатының өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктермен қатар, астананың мәслихаты өз құзыреті шегінде:  

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен халықаралық байланыстар орнатады;  

2) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

3) мыналарды:  

астананы дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының жоспарларын, астананың бюджетін және оның орындалуы туралы есептерді; 

астана аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын; 

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері мен тәртібін; 

астананың бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін астана аумағының қала құрылысын игеру схемаларын;  

астана аумағының қала құрылысы регламентін; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаның жетінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 26.06.2025 № 198-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

астананың санитариялық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын; 

астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін бекітеді; 

4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 9‑1 ...15

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться