Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 80 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Сақтандыру қызметi туралы
80-бап. Дерекқор

1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып айқындайды. 

2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді: 

1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі – қосарланған сақтандыру, сақтандыру төлемдері, төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру сомасының мөлшерлері және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтер туралы мәліметті қамтитын сақтандыру есебі; 

2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі – сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі; 

3) жиынтық сақтандыру есебі – сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашпайтын, сан түрінде, оның ішінде жасалған сақтандыру шарттары, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру төлемдерінің көлемі, сақтандыру жағдайларының саны және сақтандырудың өзге де параметрлері бөлігінде деректердің жиынтық көлемін қамтитын сақтандыру есебі. 

3. Мыналар: 

1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары; 

1-1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым; 

1-2) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры; 

2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар; 

3) уәкілетті орган; 

4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады. 

4. Мыналар: 

1) уәкілетті орган; 

1-1) Ұлттық Банк; 

2) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар; 

2-1) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпарат беру мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары; 

3-1) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарт негізінде, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым; 

3-2) ұйыммен жасалған сақтандыру есептерін алу туралы шарттар негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры; 

4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы); 

5) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!


7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) сақтандыру омбудсманы; 

8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар; 

9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісі келісімінің негізінде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 

10) уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында жасалған ақпарат алмасу туралы келісім негізінде шетелдік ұйымдар; 

11) дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде өзге де тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады. 

Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы тармақта аталмаған өзге тұлғаларға ақпарат беруге жол берілмейді. 

5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жиынтық сақтандыру есебін беруді қоспағанда, осы баптың 4-тармағында аталған сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру сақтандыру есептерінің қолжетімділік деңгейлеріне және түріне қарай жүзеге асырылады:  

1) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 1-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы; 

2) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 2-1) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы; 

3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы алушымен жасалған сақтандыру шарттары бойынша дерекқор субъектісі туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін, ал қалған субъектілер бойынша тек дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде алуға құқылы; 

4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) шеңберінде барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы; 

5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-2) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша барлық дерекқор субъектілері туралы сақтандыру есептерінің барлық түрін алуға құқылы; 

6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар өзі туралы ғана қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы; 

7) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 924-бабының талаптарын орындау мақсатында пайда алушы туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы; 

8) пайда алушы өзінің жәбірленуші құқықтарын іске асыру мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебін алуға құқылы; 

9) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!


10) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) сақтандыру омбудсманы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы; 

11) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ дербес деректерді қоса алғанда, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты әрбір алатын кезде дерекқор субъектісінің келісімі болған жағдайда дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы; 

12) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар қолжетімділігі стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы; 

13) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған сақтандыру есебін алушылар дерекқор субъектісінің жазбаша келісімі болған кезде қолжетімділігі стандартты және шектеулі сақтандыру есептерін алуға құқылы. 

Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1), 1-1), 2), 2-1), 3), 3-1), 3-2), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында аталған сақтандыру есебін алушылар қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.  

6. Ұйым осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған алушыларға сақтандыру есебін ұсынуды олардың сұрау салуы негізінде жазбаша нысанда жүзеге асырады. 

Сұрау салуды өзі туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде қамтылатын, ұйымға сұрау салу беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3-1), 3-2), 4), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, қолжетімділігі стандартты және (немесе) шектеулі сақтандыру есептерін алушылардың атынан жазбаша нысанда береді. 

6-1. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы. 

7. Ақпарат берушілерден алынған ақпаратты бұрмалағаны, осы Заңның 82-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және (немесе) уақтылы орындамағаны үшін ұйым Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...92

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться