Ст. 48 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ
Өсімдіктер дүниесі туралы
48-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеру түрлері
1. Бару арқылы тексеру (бұдан әрі – тексеру) мерзімдік және жоспардан тыс болып бөлінеді.
2. Мерзімдік тексеру бақылау органы бекіткен тексерудің жартыжылдық графигіне сәйкес тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне жүргізілген талдау мен мониторинг негізінде жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеру:
1) сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдары болған;
2) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы болған;
3) ірі табиғи өрттер туындаған;
4) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген реттеу объектілерін заңсыз дайындау (жинау) анықталған, оның ішінде патрульдеу барысында анықталған жағдайларда бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
4. Жоспардан тыс тексеру иесі бүркемеленген жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей