Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 144 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
144-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдері

1. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен: 

ақшамен; 

банк кепілдігімен; 

кепілгерлікпен; 

мүліктік кепілмен; 

сақтандыру шартымен жүзеге асырылады. 

2. Сақтандыру шартын қоспағанда, төлеуші уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы. 

3. Төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауы міндеттеменің қолданылу мерзімі ішінде үздіксіз қамтамасыз етілуге тиіс. Ұсынылатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі осы кеден органы алдында қабылданған міндеттемені орындау туралы талапты кеден органының уақтылы жолдауы үшін жеткілікті болуы қажет. 

4. Осы тарауда пайдалану мақсатында кедендік баждардың, салықтардың төленуін ақша арқылы қамтамасыз ету тәсілі деп кеден органдарының жеке және заңды тұлғалардың ақшалары уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шотына ақша енгізуі (бұдан әрі – қамтамасыз ету сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу) түсініледі. 

5. Қамтамасыз ету сомаларын кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу түрінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету төлеушінің ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын қабылдаған кеден органының алдында пайда болатын міндеттемелеріне ғана қолданылады. 

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін мүліктік кепіл түрінде қамтамасыз ету төлеушімен кепіл шартын жасасқан кеден органы алдындағы осы төлеушінің міндеттемелеріне ғана қолданылады. 

6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы баптың 1-тармағында көзделген екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. 

Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...142 143 144 145 146 ...477

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться