Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 143 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
143-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі

1. Кеден органдарының талаптары немесе төлеушінің талабы бойынша:  

1) кеден органы төлеушіге арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеуге (есепке жазуға) немесе төлеуші есептеген олардың сомасын, сондай-ақ есепке жазылған өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын қайта қарауға құқылы;  

2) төлеуші кеден органдарынан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің сомаларын есепке жатқызуды жүргізуді және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы; 

3) төлеуші кеден органдарынан кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны қайтаруды және (немесе) алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу есебінде бюджетке аударуды талап етуге құқылы; 

4) төлеуші кеден органдарының талап етуі бойынша арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеуге міндетті; 

5) төлеуші Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жасауға құқылы болатын уақыт кезеңі талап қоюдың ескіру мерзімі болып табылады. 

2. Кеден органдарының және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі: 

1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларациялау мен тауарлар шығару аяқталған күннен бастап; 

2) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын ақшамен, оның ішінде аванстық төлемдер есебінен төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кеден органында тіркелген күннен бастап есептелетін бес жылды құрайды. 

3. Таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы төлеуге жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды тауарлар кедендік бақылауда болатын мерзім ішінде және тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есептеуге немесе олардың сомаларын қайта қарауға құқылы. 

4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда: 

1) кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін – талап қоюдың ескіру мерзімі осындай кедендік бақылау жүргізу, кеден органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылдаған шешімін орындау мерзіміне ұзартылады. 

2) төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасағанда – талап қоюдың ескіру мерзімі шағымды қарау және кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін орындау мерзіміне, ал сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, сот талқылауын жүргізу және сот актісінің заңды күшіне ену мерзіміне ұзартылады.".
Статья 1 ...141 142 143 144 145 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.


Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии


Читать еще раз

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 386-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды ке... ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 371-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерін халықаралық пошта алмасу орнының (мекемесінің) кедендік бақылау аймағында орналастыру кезінде оларға қатысты тағайындалған пошта ба... ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 94-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 100-бап. Органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым жасау ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 280-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды ж...






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться