Ст. 484 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
484-бап. Кеден ісі саласындағы тұлғалар қызметінің ерекшеліктері
1. Кеден органдары бақылайтын және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен реттелетін, тұлғалардың кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, кеден қоймаларының иелері, еркін қоймалардың иелері және бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретінде қызметтер көрсетуге байланысты қызметі кеден ісі саласындағы тұлғалар қызметінің (бұдан әрі осы тарауда - кеден ісі саласындағы қызмет) ерекшеліктері болып табылады. 2. Кеден ісі саласындағы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және кеден органы тиісінше кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне (бұдан әрі осы тарауда – кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдері) енгізген заңды тұлғалар жүзеге асыруға құқылы.
3. Кеден органының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізу шарттары мен тәртібі, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау негіздері, осындай тізілімдерге өзгерістер енгізу тәртібі, оларға енгізілген заңды тұлғаларды бұл тізілімдерден алып тастау тәртібі, сондай-ақ мұндай тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі кеден ісі саласындағы әрбір қызмет түріне қатысты осы Кодексте айқындалады.
4. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізуге үміткер заңды тұлғаларға қатысты оларға енгізу шарттарының сақталуын тексеру кезінде, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне енгізілген заңды тұлғалардың қызметін бақылау кезінде осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы мүмкін.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей