Ст. 73 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
73-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны, оның ішінде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізген кезде де осы бапқа сәйкес айқындалады. 2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны мәміле құнының, яғни осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін сату кезінде олар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және осы баптың 3-тармағына сәйкес толықтырылған бағаның негізінде айқындалады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға, егер бұрын қосылмаған болса, мынадай қосымша есепке жазулар қосылады:
1) сатушы жүзеге асырған немесе оның жүзеге асыруына жататын мөлшердегі, бірақ әкетілетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға енгізілмеген мөлшердегі шығыстар, оған мыналар:
делдалдарға (агенттерге) берілетін сыйақы және брокерлерге берілетін сыйақы;
егер кедендік мақсаттар үшін ол әкетілетін тауарлармен біртұтас ретінде қарастырылатын болса, ыдысқа арналған шығыстар;
әкетілетін тауарлардың қаптамасына арналған шығыстар, оның ішінде қаптама материалдарының және қаптау жұмыстардың құны жатады;
2) әкетілетін тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге арналған шығыстар;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыру шығыстары;
4) әкетілетін тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін және көрсетілген төлемдер әкетілетін тауарларға қатысты болатын жағдайда, сатып алушы осындай тауарларды сату шарты ретінде тікелей немесе жанама түрде төлеуге тиіс лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер (әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде қайта өндіру құқығы үшін төлемдерді қоспағанда).
4. Әкетілетін тауарлардың кедендік құны, олар іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағадан бөлінген, декларант мәлімдеген және ол құжатпен растаған жағдайда, мына шығыстарды:
1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілгеннен кейін өнеркәсіптік қондырғылар, машиналар немесе жабдық сияқты осындай тауарларға қатысты жүргізілетін салуға, тұрғызуға, құрастыруға, монтаждауға, қызмет көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге арналған шығыстарды;
2) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілгеннен кейін әкетілетін тауарларды осындай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кету орнынан, ал егер Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және осындай тасымалдау (тасу) ерекшеліктеріне қарай өзге орындарды айқындаса – Комиссия айқындаған орыннан тасымалдауға (тасуға) арналған шығыстарды;
3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты төленетін баждарды, салықтар мен алымдарды;
4) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілгеннен кейін олардың жеткізілуін сақтандыру құнынқамтымауға тиіс.
5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, әкетілетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазулар анық, саны жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі.
6. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде осындай тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден басқа, қосымша есепке жазулар жүргізілмейді.
7. Мәміленің құны болмаған кезде әкетілетін тауарлардың кедендік құны экспорттаушының – сатушының бухгалтерлік құжаттамасынан декларант ұсынған әкетілетін тауарды өндіруге немесе сатып алуға, сақтауға және тасуға байланысты шығындар туралы үзінді-көшірме негізге алынып айқындалады. Бұл ретте осы баптың 3-тармағында санамаланған шығыстар да есепке алынады.
8. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу жағдайында, сондай-ақ әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, кеден органы осындай тауарлардың кедендік құнын өзінің қолында бар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тектес тауарлар жөніндегі мәліметтер негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде айқындайды.
Осы баптың мақсаттары үшін тектес тауарлар деп өздерінің бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауына және олармен бірін-бірі коммерциялық тұрғыда алмастыра алатын тауарлар болуына мүмкіндік беретінұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын, дәл сондай материалдардан өндірілген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлар әкетілген немесе соған сәйкес келетін, бірақ бағаланатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілерден күнтізбелік бір жүз сексен күннен ерте емес уақыт кезеңінде әкетілген тауарлар түсініледі. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "шығарып алынған", "өсірілген", "дайындалған, оның ішінде тауарларды монтаждау, құрастыру немесе бөлшектеу арқылы дайындалған" деген де мағынасы бар.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-БӨЛІМ. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР, АРНАЙЫ, ДЕМПИНГКЕ ҚАРСЫ, ӨТЕМАҚЫ БАЖДАРЫ
7-тарау. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР, САЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей