Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 74 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
74-бап. Кедендік төлемдер, салықтар

1. Кедендік төлемдерге, салықтарға: 

1) кедендік әкелу бажы; 

2) кедендік әкетубажы; 

3) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы; 

4) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер); 

5) кедендік алымдар; 

6) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж жатады. 

2. Төлеушілер, есептеу тәртібі және төлеу, есепке жатқызу (қайтару) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ төлеу бойынша жеңілдіктер: 

1) кедендік баждарға қатысты – Одақ туралы шартта, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында; 

2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден органдары алатын қосылған құн салығына және акциздерге қатысты – осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.  

3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге жатады. Осы тараудың және осы Кодекстің 8, 9, 10, 11 және 12-тарауларының ережелері осы Кодекстің 39-тарауында көзделген жағдайларда қолданылады. 

4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты – кедендік баж және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар төленуге тиіс. 

Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 45-1-тарауына сәйкес төленуге тиіс. 

Осы тараудың және осы Кодекстің 8, 9, 10, 11 және 12-тарауларының ережелері осы Кодекстің 45-1-тарауында көзделген жағдайларда қолданылады. 

Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2026 № 333-VIII (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...571

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться