Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Ардагерлер туралы 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Ардагерлер туралы
10-бап. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары

1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; 

2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек; 

3) егер олар Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылса және бұрын тұрғынжайды бiрiншi кезекте алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың біржолғы бiрiншi кезекте тұрғынжаймен қамтамасыз етуi; 

4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу; 

5) коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi тұратын тұрғынжайларды Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тәртiппен меншiкке беру (Ұлы Отан соғысының тұрғынжай берілген ардагері қайтыс болған жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді); 

6) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу; 

8) протездермен (тіс протездерінен басқа) және протездік-ортопедиялық бұйымдармен тегін қамтамасыз ету; 

9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері жұмыс iстеп жүрген кезiнде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы; 

10) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу; 

11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы; 

12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу. 

2. Ұлы Отан соғысының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады. 

3. Отбасы мүшелеріне не Ұлы Отан соғысының қайтыс болған ардагерін жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. 

4. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен, "Отан" орденiмен наградталған Ұлы Отан соғысына қатысушыларға әскери құрмет көрсетіле отырып, тегiн жерлеу және қабiрлерiнiң басына құлпытас орнату құқығы беріледі. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...18

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться