Ст. 17 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339
Ветеринария туралы
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруiне;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргiзуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
6-1) ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге;
6-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде:
фото- және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға;
өзге де техникалық құралдарды (жабдықтар, аспаптар, өлшем құралдары, құрылғылар, құралдар және өзге де техникалық құралдар) оларды пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтарға және өзге де құжаттарға сәйкес пайдалануға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей