Ст. 21 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
21-бап. Әскери лауазымдар
1. Әскери лауазым Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларға сүйене отырып айқындалады. 2. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3. Әскери лауазымдар:
1) қатардағы жауынгерлер құрамының;
2) сержанттар құрамының;
3) офицерлер құрамының;
4) жоғары офицерлер құрамының лауазымдарына бөлiнеді.
4. Əскери қызметшiлерді жасақтау, əскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, əскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстыру жəне қызметтен шығару Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес жүргiзіледi.
Тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге және азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) қатысты уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
4-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскен Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызметші тиісінше кадет және курсант әскери лауазымына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.
4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық жəне кəсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тиісінше тағайындалады.
Қашықтан оқытуды қолдана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнына қабылданған келісімшарт бойынша əскери қызметші бұрын атқарған əскери лауазымынан босатылады жəне Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.
5. Әскери қызметшi мынадай:
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде командирдiң (бастықтың) қарамағында болған – екi айдан аспайтын;
2) ұйымдық-штаттық iс-шараларды жүргізуге байланысты командирдiң (бастықтың) қарамағында болған – үш айдан аспайтын;
3) әскери қызметшіге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылуына байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған жағдайда – қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін;
4) Əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық жəне басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
5) Қазақстан Республикасы әскери атташесі аппаратындағы лауазымға тағайындалуға байланысты командирдің (бастықтың) қарамағында болған – Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға рұқсат ету құжаттарын алғанға дейін;
6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген əскери қызметші немесе Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде уəкілетті орган басшысының қарамағында болған;
7) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) əскери тағылымдама аяқталғанға дейін – оқып жатқан елдің заңнамасына сəйкес оқу бағдарламасы əскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары əскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның "лейтенант" бірінші əскери атағы берілген əскери қызметшілер уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;
9) оқу уақытында – күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген жəне түскен əскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
10) жиындар өткізу уақытында – əскери жиындар кезеңінде уəкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткереді.
6. Əскери лауазымдарда болу мерзімдері Əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
7. Əскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ал олар әскери қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда – медициналық ұйымдарда емделуде болған кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?
Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?
Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.
В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.
Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.
Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей