Ст. 9 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV
Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау
1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені. 2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:
1) мыналар:
қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық;
мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық;
бастапқы әскери даярлық;
запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қамтылған білім беру ұйымдарындағы әскери даярлықты;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарындағы әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскери даярлықты;
3) әскери міндеттілердің курстық даярлығын қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі білім беру ұйымдарындағы әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтарды әскери қызметке даярлау бөлігіндегі талаптарының сақталуы және білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүзеге асырады.
5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, әскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларының (әскери факультеттерінің) базасында бастапқы әскери даярлық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, әскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларының (факультеттерінің) базасында бастапқы әскери даярлықтың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санатын беру кезінде ескеріледі.
Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленеді және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы әскери даярлықты, оның ішінде әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санаттарын беру, біліктілікті арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 211-VIII (қолданысқа енгізілу тәтібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы 9-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қаты... Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 40-бап. Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт мерзімі және оны жасасу тәртiбi Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 44-бап. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы 6-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғ...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей