Ст. 270-4 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
270-4-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері және сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері
1. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларында белгіленеді. 2. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің есебінен жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемінің мөлшері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты негізінде айқындалады және мынадай мөлшерден кем болмайды:
1) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, мынадай мүгедектіктің белгіленуіне алып келген зиян үшін:
үшінші топ – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
екінші топ – алты жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
бірінші топ – сегіз жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
мүгедектігі бар бала – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, оның өліміне алып келген зиян үшін үш мың еселенген айлық есептік көрсеткіш;
3) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, мүгедектік белгіленбеген зиян үшін ауруға байланысты нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
4. Сақтандырылған медицина қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қозғалған жағдайда, ол адвокат қызметіне ақы төлеуге нақты жүзеге асырылған шығыстарды өтету үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына жүгінуге құқылы.
Бір денсаулық сақтау субъектісінің сақтандырылған медицина қызметкерлеріне олардың адвокаттар қызметтеріне ақы төлеуге жұмсаған шығыстарын өтеудің жиынтық сомасы жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша осы денсаулық сақтау субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысы сомасының бес пайызынан аспауға тиіс.
Медицина қызметкерінің адвокат қызметіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстары пациентке төленетін сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер етпейді.
Ескерту. 270-4-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 274-бап. Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ар-намыс кодексі ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 266-бап. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын ұлттық есепке алу жүйесі Указ Президента Республики Казахстан 950 11.11.2014 О назначении Ахметова Д. К. акимом Восточно-Казахстанской области ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 276-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 263-бап. Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей