Ст. 270-3 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау
1. Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілеріне ағымдағы талдауды жүргізеді, оның нәтижелері медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізіледі. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау медициналық ұйымның ішкі аудиті арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, уәкілетті орган жүзеге асырады.
Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республиканың әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуге және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдалануға байланысты, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің өліміне алып келуі мүмкін организмнің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқуға негізделген оқиға медициналық оқыс оқиға болып табылады.
2. Уәкілетті орган медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау нәтижелері бойынша мыналарды:
1) медициналық қызметтер көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамаларды жаңартып отыруды;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету кезінде медициналық оқыс оқиға жағдайларын және сақтандыру жағдайларын жою және болғызбау жөнінде шаралар қабылдауды;
3) білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын жетілдіруді;
4) медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 270-3-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Кодекс РК О здоровье народа и системе здравоохранения Статья 176-1. Консультативное наблюдение за лицом с психическими, поведенческими расстройствами (заболеваниями) Кодекс РК О здоровье народа и системе здравоохранения Статья 173. Организация принудительного лечения лица с психическим, поведенческим расстройством (заболеванием), связанным с употреблением психоакт... Кодекс РК О здоровье народа и системе здравоохранения Статья 158. Основание и порядок направления лиц, больных туберкулезом, на принудительное лечение Кодекс РК О здоровье народа и системе здравоохранения Статья 159. Социальная и правовая защита лиц, больных или переболевших туберкулезом Кодекс РК О здоровье народа и системе здравоохранения Статья 120. Виды медицинской помощиРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей