Ст. 273 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
273-бап. Медицина қызметкері құпиясы
1. Дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адам денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат және оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер медицина қызметкері құпиясын құрайды. 2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа кезде, медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді оқу, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде бұлар өзіне белгілі болған адамдардың жария етуіне жол берілмейді.
3. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқу процесінде пайдалану үшін беруге жол беріледі.
4. Медицина қызметкері құпиясын құрайтын мәліметтерді адамның келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:
1) заңды өкілі болмаған жағдайда, өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз адамды зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;
2) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері кезінде, оның ішінде қан, оның компоненттерінің донорлығы, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде;
3) тергеп-тексеру немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұрау салуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкіліне хабар беру үшін;
5) Қазақстан Республикасы азаматының денсаулығына зиян құқыққа қарсы іс-әрекеттер салдарынан келтірілді деп ұйғаруға негіздер болған кезде;
6) адамның психикалық ауытқушылықтары мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділігі анықталған кезде;
7) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу кезінде;
8) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен прокуратура органдары тексерулер жүргізу кезінде;
9) қарсы барлау қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша;
10) сақтандыру жағдайының басталуын анықтау мақсатында тәуелсіз сараптама комиссиясына және бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушыға беруге жол беріледі.
5. Мыналар медицина қызметкері құпиясын жария ету болып табылмайды:
1) электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке және мерзімдерге сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беру, бұған мұндай электрондық ақпараттық ресурстар барлау, қарсы барлау қызметімен және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларымен байланысты, берілуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ақпаратты қамтитын жағдайлар кірмейді;
2) медициналық көмек көрсету және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ақпарат алмасу.
6. Қан мен оның компоненттерінің, ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) донорлығымен, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың туберкулезбен ауыратын немесе бұрын ауырған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, динамикалық байқауда есепте тұрған адамдардың жай-күйі туралы медициналық құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларымен байланысты жағдайлардан басқа кезде, олардың жеке өміріне қатысты дербес медициналық деректерді пайдаланғанда, жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне жеке тұлғалардың келісімінсіз қосуға жол берілмейді.
7. Пациенттің денсаулығы туралы деректер медицина қызметкеріне қатысы жоқ себептер бойынша жалпыға қолжетімді болған жағдайлар медицина қызметкері құпиясын бұзу болып табылмайды.
Ескерту. 273-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 209-бап. Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау және оларды алу шарттары ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 140-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 111-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 188-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының міндеттері ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 157-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей