Ст. 30 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266
Темiр жол көлiгi туралы
30-бап. Жалпы ережелер
1. Темiржол көлiгi, темiржолдар, темiржол станциялары, вокзалдар және темiржол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесiне қатысушы өзге де объектiлер, сондай-ақ олардың өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады. 2. Тасымал процесiне қатысушылар техникалық регламенттер де белгiленген қауiпсiздiк талаптарын орындауға және адамның өмiрi мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруi үшiн қауiпсiз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кiрме жолдардағы қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлауға міндетті.
Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат оқиға болған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей жазбаша нысанда беріледі.
Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
3. Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік адамның өмiрi мен денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеуiне жағдайлар жасауға, магистральдық темiржол желiсiн, темiржолдың жылжымалы құрамын, құрылысжайларды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстауға, сондай-ақ теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз eтiледi.
4. Темiржолдармен қиылысатын немесе оларға тiкелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын, автомобиль жолдарын, электр берілісі желілерін және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезiнде белгiленген нормативтердiң сақталмағаны үшiн, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшiн олардың меншiк иелерi мен иелерi ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылысжайлардың иелерi тасымалдау процесiне қатысушыларға және мемлекеттiк көлiк бақылау органдарына жол жүрісі қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн авариялық жағдайлардың туындауы туралы дер кезiнде хабар беруге мiндеттi.
5. Қауiптi жүктердi жөнелтетiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауiпсiз тасымалдануын қамтамасыз етуге мiндеттi, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажеттi құралдар мен жұмылдыру бөлiмшелерi (оның iшiнде шарт бойынша) болуға тиiс.
Қауiптi жүктердi тасымалдау процесiнде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесiне қатысушылар аталған бөлiмшелердiң оқиға орнына жедел түрде жiберiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей