Ст. 31 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266
Темiр жол көлiгi туралы
31-бап. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату олардың өмірлік цикл процесінде адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалауға, жасауға, пайдалануға, тасымалдауға, сақтауға, жөндеуге және кәдеге жаратуға қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс. 2. Теміржол көлігінің инфрақұрылым объектілерін, құрылысжайларын жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасу, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидаларына, техникалық регламенттерге, стандарттау жөніндегі құжаттарға, пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерінде олардың сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
4. Теміржолдардың, көпірлердің және тоннельдердің қызметтер көрсету үшін жабық жекелеген учаскелері бойынша жылжымалы составтың жүруіне тыйым салынады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей