Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 43 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Темiр жол көлiгi туралы
43-бап. Темiржол көлiгi жүкқұжаты

1. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбір жөнелтілім үшiн теміржол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiк декларацияларды) беруге мiндеттi. 

Кедендік декларация электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы тасымалдаушыға мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жібереді. 

2. Темiржол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының нысаны, оларды ресiмдеу тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.  

3. Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол теміржол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться