Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
44-бап. Тасымалдау құжаттарын тексеру

1. Тасымалдаушы темiржол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн:  

1) жүкке тексеру жүргiзуге;  

2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алуға;  

3) жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы ретiндегi жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге; 

4) жүк транзиті кезінде жүк алушыдан, жүк жөнелтушіден тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін алуға құқығы бар. 

2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi. 

2-1. Жүк жөнелтушінің өкілі жүк жөнелтудің мәлімделген күніне дейін бір тәулік бұрын жүкті әкелу, әкету тәсілі мен орнын көрсете отырып, жүк транзиті туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлайды. 

3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердiң қандай да болмасын өзгерiстерi туралы жүктi қабылдағанға немесе бергенге дейiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.  

Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 596, 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2019 № 295-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен.
Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться