Ст. 181 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
1. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетiлуi мен бақылануын қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етпеу не тиісінше қамтамасыз етпеу –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға немесе банкроттықты басқарушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
12. Сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.
13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына борышкердің алдыңғы айдағы қаржылық жағдайы, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талап етуі бойынша ақпаратты беру жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау–
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
16. Борышкердің немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерін анықтау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен қайтару туралы талаптар қоймауы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн қолданудан кейiн пайда болған, кредиторлық берешегiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектiң ұлғаюына әкеп соғатын мәмiлелердi кредиторлар жиналысының келісімінсіз жасау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Осы баптың бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
Он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
20. Осы баптың жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 133-3-бап. Техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына қатысу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 576-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымал... Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей