Ст. 252-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
252-1-бап. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды және айырбастау пункттерінің жұмыс істеу шарттарын бұзу
1. Уәкілетті ұйымдардың өз банктік шоттарында және (немесе) айырбастау пунктінің кассасында теңгемен немесе шетел валютасымен ақшаның, сондай-ақ жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерінің кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде құймалардағы аффинирленген алтынның (бар болса) күн сайын болуын қамтамасыз етпеуі – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмыс режимін бұзуы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктінің қызметін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге уақытша тоқтата тұру, айырбастау пунктінің қызметін қайта бастау туралы хабарламаларды ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері операциялық кассаларының үй-жайларында өздерінің қызметіне қатысы жоқ ақшаны сақтауы, сондай-ақ осы ұйымның жұмыскерлерін қоспағанда, бөгде адамдардың болуы –
ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың бағамдарды белгілеу туралы өкімсіз қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізуі, бағамдарды белгілеу туралы өкімде белгіленген сатып алу, сату бағамдарына сәйкес келмейтін валюталарды сатып алу және (немесе) сату бағамдарын ақпараттық стендте орналастыруы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдері журналында клиенттің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), ал заңнамада көзделген жағдайларда – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, заңды мекенжайын тіркеп көрсетпеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың үшінші, төртінші, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 252-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Читать еще раз
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 443-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуден өтуден бас тартуы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 820-1-бап. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 301-1-бап. Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей