Ст. 667 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
Ескерту. 667-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты олардың заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, олардың заңды қызметіне кедергі келтіру, сол сияқты былапыт сөйлеуден, құрметтемеушілік танытудан, лайықсыз мінез-құлықтан, арандатушылықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден, оның ішінде масс-медианы немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы көрінген араласу –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 667-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 63-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 895-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмдерiн есептеу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 847-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерiбойынша қаулыларды қайта қ...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей