Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31-3 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
31-3-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі

1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері анықталған жағдайларда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолданады. 

2. Осы бапта түрлері көзделген тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу барысында және (немесе) нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады. 

Жедел ден қою шаралары анықталған бұзушылықтарды жою туралы тиісті хабарлама орындалмаған жағдайда қолданылады. 

3. Жедел ден қою шарасы мынадай түрлерді қамтиды: 

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру; 

2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру; 

3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын және (немесе) мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу; 

4) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру; 

5) рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу). 

4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылады. 

5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы құрылысты "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік нормативтердің жол берілген бұзушылықтарын және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуларды белгілеу кезінде де жедел ден қою шараларын қолданады. 

6. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы тексеруді және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісін анықтаған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді. 

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделіп, бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі. 

Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы осы автоматтандырылған тізілімде автоматты режимде ресімделеді. 

7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба жасалады және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі. 

8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды. 

9. Тексеруді және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуы тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі. 

Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған кезде тексеру нәтижелері туралы акт ресімделмейді. 

10. Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюға міндетті. 

11. Тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықты жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданылуы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде тоқтатылады. 

12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады. 

13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда, осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

14. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады. 

Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. 

Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды. 

15. Жедел ден қою шараларын қолдану және оның күшін жою туралы қаулыны жарамсыз деп тану үшін мыналар негіз болып табылады: 

1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы; 

2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану; 

3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы. 

16. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі. 

Ескерту. 31-3-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...31‑1 31‑2 31‑3 31‑4 32 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться