Ст. 48 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
48-бап. Елдi мекендердiң аумақтарын аймақтарға бөлу
1. Елдi мекендердiң бас жоспарлары (дамыту және құрылыс салу схемалары) олардың аумақтарын аймақтарға бөлуді көздеуге, жекелеген функционалдық аймақтардың нақты аумағын пайдалану түрлерiн айқындауға, олардың пайдаланылуына шектеу белгiлеуге және: 1) адам мекендейтiн және тiршiлiк ететiн қолайлы ортаны;
2) халықтың және өндiрiстiң шектен тыс шоғырлануын болғызбауды;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоса алғанда, қоршаған ортаны ластанудан қорғауды;
4) тарих және мәдениет ескерткіштері бар аумақтарды қорғауды;
5) аумақтарды антропогендiк, техногендiк процестердiң және төтенше жағдайлардың қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғауды;
6) қолайсыз табиғи құбылыстардың әсерiн азайтуды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстағы ролiне, әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары мен өндiрiстiк-шаруашылық мамандандырылуына қарай қалалар мен селолық елдi мекендердiң аумақтарында функционалдық аймақтардың мынадай түрлерi:
1) тұрғын аймақтар;
2) қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақтар;
3) рекреациялық аймақтар;
4) инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары;
5) өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары;
6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар;
7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;
8) режимдiк аумақтар аймақтары;
9) қала маңындағы аймақтар;
10) санитариялық-қорғаныш аймақтары;
11) резервтегi аймақтар (қала құрылысы ресурстары) белгiленуi мүмкін.
4. Тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) рекреациялық аймақтардың аумағы, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымының аймақтары бөлінген шекараларда болуға және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігі ескеріле отырып, жайластырылуға тиіс.
Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 № 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей