Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 47-1 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
47-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

1. Елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді. 

2. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлау құрылымының элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне, бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді. 

Бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасы астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін көзделеді.  

2-1. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді. 

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс. 

3. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мыналарды белгілейді:  

1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді айқындай отырып, аумақты жоспарлау ұйымдастырудың негізгі бағыттары;  

2) қызыл, сары сызықтар және құрылыс салуды реттейтін сызықтар; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақты 2-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін, электрқуаттау станцияларын орналастыру, көше-жол желісін және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік коммуникацияларды трассалау үшін аумақты резервке қою; 

4) көшелердің көлденең қималары;  

5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;  

6) жария қала құрылысы шектеулері; 

7) инженерлік коммуникациялар жоспары; 

8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары; 

9) астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар аумақтары бөлігінің бірыңғай сәулеттік стилінің тұжырымдамасы; 

10) байланыс құрылысжайларын, байланыс желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарлары, сондай-ақ байланыс мұқтаждары үшін аумақты резервке қою. 

4. Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен асырмай енгізілуі мүмкін. 

Ескерту. 8-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін тоғыз ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 126-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...46 47 47‑1 48 49 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.

Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.


Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться