Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 61 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
61-бап. Қала құрылысы жобалары

1. Қазақстан Республикасының аумағына және жекелеген аймақтарға өндiргiш күштердi жайластыру мен орналастыруды кеңiстiкте ұйымдастыру, қонысаралық аумақтарды игеру мен жайғастыру, елдi мекендердiң, аумақтарын немесе елдi мекеннiң жекелеген бөлiктерiн дамыту мен оған құрылыс салуды, олар әсер ететiн аймақтарды қоса алғанда, жоспарлау қала құрылысы жобаларының негiзiнде кешендi түрде жүзеге асырылады.  

Қала құрылысы жобалары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады және қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізілуге жатады. Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, іске асыру, жаңартып отыру туралы мәліметтер мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізіледі. 

2. Жобалау мен құрылысқа конкурстар (тендерлер, мердiгерлiк сауда-саттық) өткiзудiң ережелерiн, сәулет жобалары мен құрылыс жобаларын жобалауға (сәулеттiк-жоспарлау тапсырмасын қоса алғанда) және әзiрлеуге тапсырмаларды жасау кезiнде бекiтiлген қала құрылысы жобаларында белгiленген қала құрылысы шешiмдерiнiң сақталуы мiндеттi. 

3. Қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында орындалатын жұмыстардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалады. 

4. Қала құрылысы жобалары (аумақтарды дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары): 

1) жалпымемлекеттік маңызы бар аумақтарды ұйымдастыру және дамытуды жоспарлау жобалары; 

2) өңірлік маңызы бар аумақтарды дамытудың қала құрылысын жоспарлау жобалары; 

3) қалаларды (олардың қала маңындағы аумақтарын қоса алғанда не оларсыз) және ауылдық елді мекендерді дамытудың және оларда құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары; 

4) елді мекендерден тыс орналасатын өндірістік кешендердің немесе жабық түрдегі өзге де объектілердің құрылысын салу үшін қонысаралық аумақтардың қала құрылысын игеру жобалары болып бөлінеді. 

5. Жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларына: 

1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы; 

2) екі және одан да көп облыстардың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарын аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары жатады. 

6. Өңірлік маңызы бар қала құрылысын жоспарлаудың жобаларына: 

1) облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары; 

2) аудандар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары жатады. 

7. Елді мекендерді дамыту мен құрылыс салудың қала құрылысы жобаларына: 

1) тұрғындарының есептік саны жүз мың адамнан асатын қалалардың бас жоспарлары; 

2) тұрғындарының саны жүз мың адамға дейінгі қалалардың бас жоспарлары; 

3) тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын елді мекендердің бас жоспарлары; 

4) тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары – даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы); 

5) техникалық-экономикалық негіздемелердің құрамындағы ахуалдық жоспарларды және бас жоспарларды немесе ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қоспағанда, қалалардың аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысы игеруінің жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, өнеркәсіптік аймақты жоспарлау жобалары және қолданыстағы бас жоспардың туындысы болатын құрылыс салу жоспарлары) жатады. 

Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...60 60‑1 61 62 63 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться