Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 63 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
63-бап. Құрылыс жобасы

1. Жаңа үйлер мен ғимараттардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылыс жобасы (жобалау-сметалық құжаттамасы) объектінің орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзділігін, құрылыс жүргiзу және құрылысы аяқталған объектiні пайдалануға тапсыру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдеу шешімдері мен өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс. 

Құрылыс жобаларына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде орындалған және: 

1) бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеуге немесе ғимараттар мен құрылысжайларды реставрациялауға; 

2) пайдаланылатын объектілерді реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе техникалық қайта жарақтандыруға; 

3) авариялық үйлер мен ғимараттарды бұзуды қоспағанда, өз ресурсын тауысқан бөлшектенетін объектiлердi кейiннен кәдеге жаратуға; 

4) құрылысы тоқтатыла тұрған аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациядан алуға) арналған жобалау-сметалық құжаттама да жатады. 

2. Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылыс жобасының жобалық шешiмдерi мен көрсеткiштерi оны iске асыру кезiнде мiндеттi болып табылады.  

3. Құрылыс жобасы:  

1) тапсырысшы бекiткен, жобалауға берілген тапсырмалар, жер учаскесiн (алаңдарды, трассаларды) таңдау мен бөлу (пайдалануға берiлген рұқсат) жөніндегi материалдар, объектiнi инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етудiң техникалық талаптары, инженерлiк iзденулердiң, тапсырысшының жобалау алдындағы қызметiнiң нәтижелерін қоса алғанда, өзге де бастапқы деректердiң нәтижелері негiзiнде;  

2) құрылыстағы инвестициялардың заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген негiздемелерiне (техникалық-экономикалық негiздемелерге, техникалық-экономикалық есептерге), ал қажет болған жағдайда жобада қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлiк жабдықтар мен құрылғылардың мердiгермен келiсiлген тiзбесiне сәйкес;  

3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес; 

4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді. 

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша құрылыс жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі. 

Бекiтiлген қала құрылысы және (немесе) сәулет жобалары болған жағдайда құрылыс жобасын әзірлеуге арналған бастапқы құжаттама оларда қабылданған шешімдерге сәйкес келуге тиіс.  

4. Осы Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда нобай (нобайлық жоба) құрылыс жобасы болып табылады.  

5. Бекiтiлген құрылыс жобасына құрылыс-монтаж жұмыстары барысында өзгерiстер енгiзу тәртiбi сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңдарда белгiлеген тәртiппен бекiтетiн мемлекеттiк, авторлық және техникалық қадағалау жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленедi.  

Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. № 180-IV, 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...61 62 63 63‑1 64 ...79

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться