Ст. 40 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
40-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану
Ескерту. 40-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға қосу "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары болған жағдайда, техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға қосуды оның меншік иесі немесе иеленушісі "электрондық үкіметтің" бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес оған мемлекеттік техникалық қызмет берген "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің бастапқы кодтарынан құрастырылған орындалатын кодтарды пайдалану арқылы ғана жүзеге асырады.
2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану кезінде:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуы;
2) электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуы, қорғалуы, олардың іркіліс болған немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі;
3) электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшіру және олардың уақтылы жаңартылып отырылуын бақылау;
4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне жасалған өтініштер туралы мәліметтердің автоматтандырылған есебін алу, сақталуы және мезгіл-мезгіл архивтелуі;
5) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру;
7) ақпараттандыру объектісінің пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымына техникалық қолдау жасау;
7-1) жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
8) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттардың пайдаланылуын, сондай-ақ оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау);
9) кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателер мен кемшіліктерді жоюды қамтитын өнім берушінің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне кепілдікті қызмет көрсетуі қамтамасыз етіледі. Кепілдікті қызмет көрсету "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей