Ст. 64-2 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
64-2-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік органдар) қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді. Тексерулер мерзімдік және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелеріне;
2) есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелеріне;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нәтижелеріне;
4) мемлекеттік техникалық қызмет мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексерулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен жүргізіледі.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы;
4) тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) тексерудің нысанасы;
7) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері тексерілетін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тағайындайтын тексеру:
1) тексерілетін мемлекеттік органға қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сәйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган лауазымды адамдарының аумаққа және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің және тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына ол аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
6) тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Тексеру жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актінің табыс етілген күні тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен тексерілетін мемлекеттік органға ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нәтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органда түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда анықталған бұзушылықтармен танысу және оларды жою жөнінде шаралар мен басқа да әрекеттер қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда қалады.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) және олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он бес жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін мемлекеттік орган бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нәтижелері туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органда бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 64-2-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей