Ст. 64-1 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
64-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, талдаудың және ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады. 2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Ескерту. 64-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
О гражданстве Республики Казахстан Статья 32. Порядок подачи заявления по вопросам гражданства ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 6-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 104. Порядок исполнения и последствия неисполнения исполнительного документа, обязывающего должника совершить определенные действи... О теплоэнергетике Статья 16. Права и обязанности должностных лиц органов контроля ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей