Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7-3 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
7-3-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі: 

1) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді; 

2) ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдарды тұжырымдайды; 

3) ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне және иеленушілеріне, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздіктің белгілі болған оқыс оқиғалары мен қауіп-қатерлері туралы хабарлайды; 

4) жеке өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын жасауға немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, үшінші тұлғалардан өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының көрсетілетін қызметін сатып алуға құқылы; 

5) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды. 

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.  

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.  

4. Осы баптың 2-тармағының талабы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын өздерінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...7‑1 7‑2 7‑3 7‑4 7‑5 ...67

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться