Ст. 7-4 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
7-4-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы
1. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы: 1) ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталықтары мен ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
2) Ақпараттық қауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ұлттық ден қою қызметінің міндеттері мен функцияларын іске асырады;
3) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;
4) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде осындай бұзушылық туралы хабарлайды.
2. Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 2-тарау 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей