Ст. 5-2 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі
1. Ипотекалық ұйым қызметінің негізгі түрі банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның негізінде ипотекалық банктік қарыз беру болып табылады. 2. Ипотекалық ұйым мынадай қосымша операцияларды:
1) сенімгерлік операцияларды: сенім білдірушінің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық банктік қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаруды;
2) факторингтік операцияларды: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып немесе қабылдамай, ақшалай талапты басқаға беріп қаржыландыруды;
3) форфейтингтік операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеуді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) лизинг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Ипотекалық ұйымға лицензия беру, оны тоқтата тұру және одан айыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Ипотекалық ұйым мынадай қызмет түрлерін:
1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметті;
2) кез келген ақпарат тарату түрлерінде ипотекалық кредит беру мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті сатуды;
3) өз мүлкін сатуды;
4) кепілге салынған мүліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатуды;
5) өз қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
6) бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару мен орналастыруды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруды;
8) ипотекалық кредит беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.
4-1. Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы осы баптың 1, 2, 4 және 5-тармақтарында көзделген қызметпен және операциялармен қатар:
1) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған уәкілетті ұйымға және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде құрылысты жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қарыздар беруге;
1-1) банктік қарыз операцияларын: "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шартты алған салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үйлер кешенінде осы қарызды қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы үлесті сатып алу үшін ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қарыздар беруді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және жарғыда көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
5. Ипотекалық ұйым өз қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін пайдалануға құқылы.
6. Ипотекалық ұйымға:
1) қаржы ұйымдарының;
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
3) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қолданылмайды.
7. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынады.
8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 1-тармағында айқындалған адамдар ипотекалық ұйымның басшы қызметкерлері болып табылады.
Ескерту. 5-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.01.2007 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы 7-бап. Мемлекеттік органдардың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуРекомендованные страницы
Аудиторлық қызмет туралы 18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны Аудиторлық қызмет туралы 18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 35-бап. Жұмыс берушiнiң мүгедекке келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi мiндетiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей