Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10-2 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет

Азаматтық және эксперименттік авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызметке: 

1) әуе кемелерін пайдалану, ұшуды жүргізу және соған дайындалу; 

2) әуе қозғалысына қызмет көрсету; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету; 

4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету; 

5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету; 

6) ұшуды әуеайлақпен қамтамасыз ету; 

7) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету; 

8) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету; 

10) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау; 

11) медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; 

12) ұшуды авариялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

13) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13) азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

14) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар мен басқа да тұтынушыларды арнайы автокөлік құралдарымен және жабдықпен қамтамасыз ету; 

15) осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көзделген, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызмет; 

16) осы Заңның 105-бабының 2-тармағында көзделген авиациялық қауіпсіздік шаралары; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

17) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17) азаматтық авиация саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10-2-бапты 18) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 2-тарау 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 10‑1 10‑2 11 12 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться