Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
12-бап. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалаудың нәтижелері

Ескерту. 12-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, авиация инспекторлары жеке немесе заңды тұлғаларға бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалар береді. 

Ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, авиация инспекторы әуе кемесін пайдалануды не инспекцияланатын пайдаланушының немесе азаматтық авиация ұйымының белгілі бір әрекеттерін тоқтату туралы талаппен инспекторлық нұсқама береді. 

2. Инспекторлық нұсқама жеке немесе заңды тұлғаға немесе олардың өкілдерінің қолына немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуы тиіс. 

Инспекторлық нұсқамада жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, инспекторлық нұсқаманың берілген күні, инспекторлық нұсқаманы жіберудің негізі, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар және инспекторлық нұсқаманы орындау мерзімдері, оған шағымдану тәртібі көрсетіледі. 

3. Хабарламалы тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде жіберілген инспекторлық нұсқама почта операторынан почта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап не хабарламаны электронды түрде жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң тапсырылды деп есептеледі. 

4. Инспекторлық нұсқама азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады. 

5. Инспекторлық нұсқаманы орындамау азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған сертификаттың (куәліктің) қолданысын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу үшін негіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Мемлекеттік авиация инспекторлары беретін инспекторлық нұсқамаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

12-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-1-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама


1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны әзірлейді, ол: 

1) азаматтық авиация саласындағы азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін білдіреді; 

2) халықаралық стандарттарды және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне байланысты ұсынылатын практиканы тиімді енгізуді белгілейді; 

3) ұшу қауіпсіздігі тәуекелдерін басқарудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге және авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың санын үздіксіз азайтуға бағытталған. 

2. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарлама мыналарды: 

1) мемлекеттік деңгейде қауіпсіздік саласындағы саясат пен мақсаттарды; 

2) мемлекеттік деңгейде ұшу қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдерді басқаруды; 

3) мемлекеттік деңгейде азаматтық авиацияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 

4) мемлекеттік деңгейде азаматтық авиацияның қауіпсіздігін дамытуға жәрдемдесуді қамтиды. 

3. Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланумен және авиация қызметімен байланысты қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің қызметіндегі негізгі басымдық және міндеттеме болып табылады. 

Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...10‑2 11 12 12‑1 12‑2 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться