Ст. 5 Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы
5-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік
реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары 1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – ядролық, радиациялық, ядролық физикалық және экологиялық қауіпсіздікті, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірі мен денсаулығын радиациялық әсерден қорғауды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғауды қамтамасыз ету.
2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
2) мемлекеттің радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау;
3) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру;
4) радиоактивті қалдықтардың барлық түрлерімен жұмыс істеудің тиімді жүйесін ұйымдастыру;
5) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын алаңдарды оңтайландыру;
6) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз сақтау мен көмуге уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік кепілдіктері және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету.
3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) қауіпсіздік қағидаты – персоналдың, халықтың өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғаудың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметтің барлық өзге аспектілерінен басымдығы;
2) жауаптылық қағидаты – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу субъектілерінің радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауаптылығы;
3) барынша азайту қағидаты – радиоактивті қалдықтардың түзілуін және жинақталуын іс жүзінде қол жеткізуге болатын ең төмен деңгейде шектеу;
4) оңтайландыру қағидаты – экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде олардың әсерін ақылға қонымды, қол жеткізуге болатын төмен деңгейге дейін азайту;
5) ұрпақтардың өзара байланысы қағидаты – қазіргі ұрпақтың радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты болашақта ауыртпалықты болашақ ұрпаққа негізсіз жүктеуден оларды қорғау;
6) радиоактивті қалдықтарды түзушінің жауаптылық қағидаты – радиоактивті қалдықтарды түзушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды сақтау және көму жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету міндеті.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей