Ст. 17 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
17-бап. Мемлекеттік корпорация
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополияға жатқызылатын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) төлеушілерден, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық агенті деп танылған интернет-платформалар операторларынан түсетін аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды өңдеуді және банктік үш күн ішінде қорға аударуды жүзеге асырады;
2) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушілерге қайтаруды жүзеге асырады;
2-1) бірыңғай төлем төлеушіге, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық агенті деп танылған интернет-платформалар операторларына осы Заңның 27-бабының 2-2-тармағында және 28-бабының 5-2-тармағында белгіленген, қорға төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлерінен асып кететін соманы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;
4) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған республикалық бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және уәкілетті органға осындай қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.
4-1) осы Заңның 26-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген, сондай-ақ мемлекеттің жарналар төлеуі көзделген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартып отырады;
2) жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдарды және (немесе) жарналарды дербестендірілген есепке алуды және ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кіріс органдарының ақпараттық жүйелерімен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі негізінде аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүзеге асырады;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға төлеушілердің түскен және қайтарып алған аударымдары мен жарналарының тізілімдерін ұсынады;
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорация қызметінің түрлеріне сәйкес ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынады;
5) қорға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі ақпараттық жүйелерден ақпарат береді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа кезде, аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
7) аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуды, төлеуді, олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер береді;
8) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды қалыптастырады және қорға береді;
9) өздері үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың әлеуметтік мәртебесін жаңартып отыру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетуді "бір терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, өздерінің қарамағындағы ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның өз құзыреті шегінде қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның қол жеткізуі және оларды пайдалануы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекеттік корпорация аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.06.2021 № 52-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2025 № 206-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей