Ст. 18 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері
1. Қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2. Қордың органдары:
1) жоғары орган – жалғыз акционер;
2) басқару органы – директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган — басқарма;
4) қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады.
3. Қор ішкі аудит қызметін құрады.
4. Қордың активтері:
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс;
1-1) денсаулық сақтау субъектілерінің әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін бөлінетін бюджет қаражаты;
2) қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
5. Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотта жинақталады және тек қана мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне одан әрі ақы төлеу үшін қордың мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударымдар;
2) қаржы құралдарына орналастыру;
3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, қате есепке жатқызылған өзге де қаражатты қайтару.
5-1. Қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражаты мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылады.
Осы Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары және денсаулық сақтау субъектілерінің әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін трансферттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотқа есепке жатқызылады.
6. Қордың активтері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражаты:
1) кепіл нысанасы бола алмайды;
2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
6) мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2025 № 206-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы 1-бап. Азаматтардың мемлекеттiк әлеуметт... Оңалту және банкроттық туралы 104-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру О правовых актах Статья 15. Планы подготовки проектов нормативных правовых актовРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей