Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi

Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:

1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкiметiн елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;

2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыруға;

3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;

5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, тыюға, ашуға;

6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;

7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға міндетті. Мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;

8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;

9) Алынып тасталды - ҚР 2010.05.27 № 279-IV Заңымен.

9-1) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;

11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;

12) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауы бойынша басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;

12-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға;

13) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-1) тармақшаның қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады – 27-бапты қараңыз.
13-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыруға;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-2) тармақшаның қолданысы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады – 27-бапты қараңыз.
13-2) Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыруға;

14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргiзуге;

15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;

16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған және құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруға жəне атқаруға;

16-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға және атқаруға;

17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, соның iшiнде мемлекеттiк қызметтiк құпиялар болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кiруге жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

17-1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;

17-2) ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзiрлеуге және бекітуге;

18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;

19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға мiндеттi;

20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте істейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;

20-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.

Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдікті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы;

20-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын психологиялық-əлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;

21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға;

22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға;

22-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау жəне ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.05.16 № 110, 1998.12.09 № 307, 2002.03.21 № 309, 2002.08.09 № 346, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.05.27 № 279-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10‑2 11 12 13 13‑1 ...28

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться