Ст. 13-1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
13-1-бап. Ресми алдын ала ескерту
Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда хабарлау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан және жеке немесе заңды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасағаны туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды. Алдын ала ескертуге қол қою құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасына немесе оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының директорларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтарына тиесілі.
Тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлар туғызатын іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), жеке немесе заңды тұлға оны жасағаны үшін алдын ала ескертілетін бұл іс-әрекетке (әрекетке немесе әрекетсіздікке) жол беруге болмайтыны және жауаптылық туралы көрсетіле (келтіріле) отырып, алдын ала ескерту нақты жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның басшысына (лауазымды адамына) жіберілуге тиіс.
Алдын ала ескертуде жеке немесе заңды тұлғаға оның алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасау құқығы түсіндіріледі.
Алдын ала ескерту хабарланғаннан кейін оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей