Ст. 112-1 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
112-1-бап. Ақпараттық құралдар
1. Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, бір мезгілде төмендегі өлшемшарттардың барлығына сәйкес келетін ақпаратты беру талаптары түсініледі: 1) ақпаратты беру міндетті болып табылады;
2) ақпаратты бермеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді;
3) ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілері береді.
2. Ақпараттық құралдар енгізу көзделетін Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілгеннен кейін реттеуші мемлекеттік орган ақпараттық құралдардың тізбесіне, сондай-ақ талаптар тізіліміне толықтырулар енгізуге бастама жасауға тиіс.
3. Ақпараттық құралдарды беру ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып, электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жүргізіледі. Ақпараттық құралды беру тәсілін жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
Бұл ретте, ақпараттың берілуін автоматтандыру енгізілмейтін және қамтамасыз етілмейтін ақпараттық құралдарды беруді талап етуге тыйым салынады.
4. Осы тараудың ережелері салық, кеден, қаржы саясаты, статистикалық қызмет саласында бар, сондай-ақ бір реттеу субъектісіне қолданылатын ақпараттық құралдарға қолданылмайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін қаржы саясаты деп қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржы ұйымдары болып табылмайтын сақтандыру нарығына қатысушылардың, коллекторлық агенттіктердің, қаржы ұйымдарына ірі қатысушылардың, эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру топтарының және банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың, төлем қызметтерін көрсететін нарық субъектілерінің қызметіне, валюталық құқық қатынастарын реттеуге, қаржылық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ қаржы құралдарын шығаруға, олардың айналысына, оларды өтеуге және күшін жоюға байланысты қатынастар жиынтығы түсініледі.
Ескерту. 112-1-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Лучшие юристы





Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды
Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей