Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
12-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті

Уәкілетті мемлекеттік орган: 

1) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;  

2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 

3) Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілейді;  

4) мыналарды:  

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін; 

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын;  

зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляция деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын; 

мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау тәртібін;  

әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын; 

әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын; 

міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін;  

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстардың тізбесін;  

толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін;  

Қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін;  

Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді;  

Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты;  

еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы ұсынысты әзірлейді; 

5) мыналарды:  

атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын; 

тексеру парақтарының нысандарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын; 

мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орнының стандарттарын;  

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын;  

бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін; 

жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын;  

халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын;  

халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын;  

халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін; 

атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын;  

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын;  

Қордың комиссиялық сыйақы алу қағидаларын;  

әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын;  

артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларын;  

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларын; 

атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын; 

мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын;  

мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту қабілетіне байланысты мүгедектігі бар адамдарға ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары;  

мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын;  

мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын;  

медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын;  

тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын;  

тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын;  

мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын;  

мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін;  

білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын;  

халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларын;  

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын;  

халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін;  

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін;  

білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау қағидаларын; 

әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын; 

ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін; 

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін;  

еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

6) мыналарды: 

арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды;  

өз құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді;  

Қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды;  

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады; 

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтерді көрсетеді; 

8) Қазақстан Республикасындағы кедейлік шегінің мөлшерін айқындайды; 

9) әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;  

10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться