Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 226 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.11.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
226-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

1. Зейнетақы аннуитеті шарттары осы Кодекстің талаптарында айқындалған мерзімге жасалады.  

2. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстар және бір мезгілде сақтандырушылар болып табылатын екі сақтанушы (сақтандырылушы) зейнетақы аннуитеті шартының тарапы бола алады.  

3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасатын адам сақтандыру ұйымын еркін таңдай алады.  

4. Зейнетақы аннуитеті шарты жазбаша нысанда жасалады. 

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны (сақтандырылушыны) сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының (сақтанушылардың) немесе міндетті зейнетақы жарналары салымшысының (салымшыларының) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның өтініші зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін негіз болып табылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың үшінші абзацы 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 263-бабын қараңыз.

Міндетті зейнетақы жарналары сақтанушының (салымшының) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтандырушыға жазбаша түрде жүгіну не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақтанушысы (салымшысы) және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың төртінші абзацы 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 263-бабын қараңыз.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабында белгіленеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақ 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 263-бабын қараңыз.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасында, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасында зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ақпарат алмасу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арқылы жүзеге асырылады. 

6. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым осы Кодекстің және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады. 

7. Зейнетақы аннуитеті шарты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. 

8. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда, бірақ ол жасалған күннен бастап екі жылдан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда сақтанушының (сақтандырылушылардың – зейнетақы аннуитеті шартын екі адам жасасқан жағдайда) бастамасы бойынша ғана зейнетақы аннуитеті шартын бұзуға болады. 

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда сақтандыру төлемдерінің мөлшері, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын бұзу, зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі осы баптың 2-тармағына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шартында белгіленеді.  

Зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде: 

1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру ұйымының істі жүргізуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегеріле отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауға тиіс; 

2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс. 

9. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы және (немесе) өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға, зейнетақы төлемдерін алушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған және (немесе) сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жаңадан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар. 

10. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда:  

1) сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі осы баптың 12-тармағына сәйкес айқындалады;  

2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күні қолданылатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс. 

11. Сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.  

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілейді. 

Сақтандыру төлемдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалуларды және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленген жарналар ескеріле отырып, деректемелері зейнетақы аннуитеті шарттарында көрсетілетін алушының банктік шотына аударылады.  

Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.  

12. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады. 

Сақтандыру ұйымы бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:  

ерлер – 55 жасқа; 

әйелдер:  

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа; 

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;  

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;  

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;  

2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;  

2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;  

2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;  

осы Кодекстің 221-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар – 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

13-тармағының күші осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады - осы Кодекстің 263-бабын қараңыз.

13. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша оған өзгерістер енгізілген күнгі сатып алу сомасы және зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі осы Кодекстің 225-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең болады. 

14. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты сатып алу сомаларын бір сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитетінің шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Статья 1 ...224 225 226 227 228 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите


Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма


Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться